18
май
2022
Мектепішілік "Педагогикалық тандем" сайысы
2022 жылдың 18 мамыр күні жас мамандар мен тәлімгерлер арасында "Педагогикалық тандем" атты әдістемелік жәрмеңке өткізілді. Мақсаты: мектептегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау. Әдістемелік жәрмеңке жұмысы келесі бағыттар бойынша өткізілді: -оқу үрдісі,оқу - тәрбие үрдісі. Қатысушылар ұсынылған бағыттар бойынша бір бағытты таңдап, келесі жұмыс түрлерін ұсынды. Ықшам сабақ, шағын тренинг, шебер сынып, ортақ жұмыс жүйесінің таныстырылымы, ортақ проект т.б. Қазылар алқасының бағалау қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы номинациялармен алғыс хатпен марапатталды.