03
февраль
2023
«Жас маманнан – хас маманға!» атты жас мамандар апталығы өткізілді
04 мамыр күні «Жас маманнан – хас маманға!» атты жас мамандар апталығында жас ұстаздарды шыңдау мақсатында кітап оқу сайысы өткізілді. «Жас мамандар мектебінің» жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2022 – 2023 оқу жылының басында мектебіміздің жас ұстаздарына «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында келесідей әдебиеттерді оқу тапсырмасы берілген болатын.
1. Әзілхан Нұршайықов - «Махаббат қызық мол жылдар!»
2. Шерхан Мұртаза - «Ай мен Айша»
3. Жүсіпбек Аймауытов – «Ақбілек» романы.
Бірінші – сұрақ – жауап сайысы. Бұл сайыста байқауға қатысушылар 3 кітаптың мазмұны бойынша құрастырылған әділ қазылар ұсынған билеттердің ішінен қалаған 2 билетін таңдап алып, сұраққа жауап берді. Сұрақтың дұрыстығына және мазмұнына сәйкес 1-5 балл аралағында бағаланды! Ең көп балл жинаған 6 ұстаз келесі кезеңге өткізілді.
Екінші – «Эссе» сайысы. Бұл сайысқа бірінші кезеңнен сүрінбей өткен 6 қатысушы жолдама алды. 6 үздік ұстаз 20 минуттың ішінде аталған тақырыптарға байланысты талаптарын сақтай отырып, эссе жазып шықты. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша үздік атанған жеңімпаз ұстаздар мектеп директорының 1,2,3 дәрежелі дипломдарымен сонымен қатар бағалы сыйлықтарымен марапатталды!