Санжар Керімбай мырзамен мектебіміздің 10 “В” сынып оқушыларының кездесу кеші » С. Керімбеков атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"С. Керімбеков атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Санжар Керімбай мырзамен мектебіміздің 10 “В” сынып оқушыларының кездесу кеші
06
февраль
2024

Санжар Керімбай мырзамен мектебіміздің 10 “В” сынып оқушыларының кездесу кеші

Бүгін Қарасай аудандық кітапханасында белгілі шығыстанушы, ағартушы “Отбасы хрестоматиясы” қоғамдық қорының жетекшісі Санжар Керімбай мырзамен мектебіміздің 10 “В” сынып оқушылары кездесу кешіне қатысты. Кездесу барысында Санжар Керімбайдың “Өзбекәлі және мәдени майдан” атты кітабы талқыланды. Кітап авторы Санжар Керімбай кездесуде кітаптың қалай жазылғанын, іздену барысында тап болған қызықты жағдайлар мен анықталған тың деректерге тоқталды. Өзбекәлі Жәнібеков – қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ана тілін, дәстүрі мен әдет-ғұрпын жаңғырту және дамыту жолында ерен еңбек сіңірген тұлға. Туынды қазақ мәдениетінің өрлеуі мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, ұлы этнограф Өзбекәлі Жәнібековтың өмір жолы мен қызметіне арналған. Сонымен бірге Санжар Керімбайдың көптеген қазақ руханиятына қатысты сүбелі әңгімесі, жастарға арналған тәрбиелік мәні бар пікірлері айтылып, оқушылар көңілінен шықты. Іс-шара барысында Өзбекәлі Жәнібековтің сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың әні «Арқалықтың ақ таңы» әні орындалды.​​​
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив