26 август 2021 0 1 2 3 4 5 "Мектепке жол" республикалық акциясы барысында көмек көрсеткен демеушілерге алғысымызды білдіреміз!. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылдан бастап жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды. Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. 2021 жылдың тамыз айында «Мектепке жол» республикалық акциясы барысында «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «С.Керімбеков атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен (жетім, АҚҚ, жартылай жетім, көп балалы, аз қамтылған) отбасы балаларына «ФОРТЕ банк» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 5 оқушыға мектеп сөмкесі мен қажетті құралдары табыс етілді. Тағы да демеуші ата-аналар тарапынан 9 оқушыға да мектеп формасы, мектеп сөмкесі, спорттық киім, аяқ-киім мен оқу құралдарын алып беріп көмек көрсетті. "Мектепке жол" республикалық акциясы барысында көмек көрсеткен демеушілерге алғысымызды білдіреміз.