09 февраль 2024 0 1 2 3 4 5 Хан Тәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың 9 ақпан туылған күні “Ең бірінші бақытым-Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін...” деп жырлап өткен қазақтың белгілі ақыны, Хан Тәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың 9 ақпан туылған күні. Қазақ поэзиясында үлкен қолтаңба қалдырған ақынның өлеңдерін білмейтін қазақ жоқ шығар, сірә?! Осыған орай, С. Керімбеков атындағы орта мектепте “Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі” атты ақынның туылған күніне орай әдеби-кеш өтті. Әдеби-кештің мақсаты: Ақынның шығармаларын шәкірт жүрегіне ұялату, сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ақын өлеңдері арқылы адамгершілікке, рухани құндылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Кешті мектеп директоры Абдимуталипов Қанат Абдимуталипұлы құттықтау сөзбен ашып, ақынның өмір жолы мен шығармашылығына талдау жасады. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Ақынның естеліктеріне шолу жасап, кеш ақынның сөзіне жазылған әндермен жалғасты